Шапқын
1861 жылы 250-260 шамалы Хиуа хандығының жасағы Адай руының ауылдарын шауып кетеді. Бұл хабарды алдымен естіген Көрпе, Байбоз-Жамбоз ауылдарының қырық жігіті (бір деректерде отыз жеті) елдің жиналуын күтпей, жау соңынан жөнеледі. Саны жағынан тең емес жаумен шайқасқа түсіп, жеңіске жетеді. Жеңіс оңайлықпен келмейді, Адайдың бес батыры жау қолынан шейіт болады.
Бұл оқиға құлағына жеткен Абыл Тілеуұлы қатты толқып, мұны кейінгі ұрпаққа үлгі қылып қалдыруымыз керек деп, жорық жайлы шығармаға бәйгі жариялайды. Бас жүлдеге бір қыздың қалыңмалы тігіледі. Бәйгіге алдымен «Шапқын» деген шығармасымен Қожа Ғафурұлы түседі.