Maqamsaz

Нота

Өрелі маяның күйі. Шалдың тартқаны

Ертеде бір кедейдің жалғыз түйесінің ботасы өліп, жануар иімей, күңірене боздайды. Бұл жағдай кедейдің жанына батып, жалғыз қызымен ақылдасады.

Сонда қызы әкесіне:

– Сіз «Кімде-кім маяны иітсе, сол кісіге қызымды беремін» деп, елге хабар салыңыз, –депті.

Түйені домбыраның күйімен иітуге болатынын естіген түрліше жастағы талай домбырашылар маяны иітуге келеді. Солардың арасынан шал кісі маяны иіткенімен, қыз жігітті жеңімпаз деп таниды.

Өзіне сенімді шал: – Қарағым, түйені иіткен мен едім, бұдан былай өтірік айтпа, –деп батасын беріп, қызды жігітке қосып кетіпті. Көпшілікке «Нар идірген» атымен белгілі бұл күй Маңғыстауда «Өрелі маяның үш күйі» деп аталады.

 

Автор: Халық күйі

Орындаушы: Орлыбай БАРАШЕВ