Maqamsaz

Орлыбай БАРАШЕВ

1930 жылы Маңғыстау ауданының Орта Еспе елді мекенінде туған. Мәдениет қызметкері, күйші.

Домбыра, мандолина, скрипка т.б. музыкалық аспаптарда шебер ойнаған. Көптеген облыстық, республикалық өнер байқауларында үздік өнер көрсетті. 1946-1950 ж.ж. Орта Еспе ауылдық кеңесіндегі «Қызыл отау» меңгерушісі болған. 1952-1962 ж.ж. Форт-Шевченко қалалық мәдениет бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін Форт-Шевченко қалалық мәдениет бөлімін басқарды.

Өнер зерттеуші Т.Мерғалиев О.Барашевтың орындауында «Нар идірген» (баланың, шалдың, орта жастағының тартқаны), «Кербез керік», «Адыра қалғыр бозтөбе» күйлерін жазып алып, «Домбыра сазы» (1972) еңбегінде атап көрсетті.

 

Дереккөзі: Баба сарын бабауы (Маңғыстау өнер шеберлерінің антологиясы). Алматы, 2016.

Шығармалар:

00:00:57

Шолтаманның ән күйі

Шолтаман БАЙСАРЫҰЛЫ

00:01:12

Қаздың күйі

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

00:01:59

Кербез кер

Қартбай ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

00:03:14

Адыра қалғыр бозтөбе

Боқбала (Досмұхамбет) ЕРТӨЛЕПҰЛЫ

1:45

Өрелі маяның күйі. Шалдың тартқаны

Халық күйі

1:37

Өрелі маяның күйі. Орта жастың тартқаны

Халық күйі

1:44

Өрелі маяның күйі. Баланың тартқаны

Халық күйі