Maqamsaz

Нота

Қаздың күйі

Қартбайдың туысы, Жаңаөзен қаласының Теңге ауылында тұратын Жұмасат ақсақалдың шешесінен естіген әңгімелері бойынша (жеткізуші – Ақылбек Өтешов), күй тарихы былайша түзіледі.

Бір қоңыр қаз уақытынан кеш жұмыртқалап, балапанының қанатын қатайтып үлгермейді. Салқын түсіп, құстар жылы жаққа маңдай түзегенде, қоңыр қаз да балапанымен қайтқан құстың тізбегіне қосылмаққа талап қылады. Алайда, қанаты қатая қоймаған балапан ұша алмайды. Анасы байғұс шыр-пыры шығып, балапанын қанатымен қағып, тұмсығымен түртіп демеп, әрекет жасап бағады. Төртінші ме, бесінші ме әрекетінен соң, балапаны да өз бетінше ұшатын хәлге жетіп, анасының соңынан ұшып кетеді. Бұл көріністі көзімен көрген Қартбай күйші  осы күйді шығарыпты.