Maqamsaz

Нота

Ыңғай төк

Қыр қазағының бір кәсібі – өрмек тоқу. Алаша, басқұрдың  өрнегін жүгіру яғни қазыққа керу ауыл жастарының шағын мерекесі түрінде өтеді. Өскенбай, Сәңкібай деген кісінің аулына келсе, қыздары  жүгіріп  жүріп  жіп  керуде  екен.

 –Ал, Өскенбай, мына  өрмек  жүріске арнап осы арада бір күй шығарып, шын  өнерпаз  екеніңді  көрсетші,–дейді Сәңкібай. Өскенбай құп ала кетеді. Өмірге «Ыңғай төк» атты жаңа күй келеді. Күйші өнеріне риза болған Сәңкібай Өскенбайға жақсы ат, соғымына тайлы бие атайды сол  жерде.