Өскенбай ҚАЛМАМБЕТҰЛЫ
Өскенбай халық арасында негізінен сазгер-күйшілігімен танылған, «Адайдың жеті қайқысының» бірі. Өзінің күй мектебін қалыптастырған адам. Оның күй мұралары баласы, халық өнерпазы, әйгілі Мұрат арқылы бүгінгі ұрпақтың рухани игілігіне айналып отыр. Сонымен бірге, Өскенбай ақын да әнші болған, сегіз қырлы, жан-жақты өнер иесі. Етік тіккен, құс баулып аңға салған саятшы, зергерлік өнердің сан қырын меңгерген кісі деп айтылады.
Оның өмірі мен шығармашылығы А.Жұбановтың «Қазақтың халық композиторлары» (1962), Қ.Сыдиықовтың «Ақын-жыраулар» (1974), «Маңғыстау» (1973) атты еңбектерінде айтылады. Өлеңдерін бел баласы Мұраттың айтуынан жазып алып Қ.Сыдиықов «Ақберен» (1972), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985) жинақтарында және мерзімді баспасөз беттерінде жариялатқан.
Дереккөзі: Тіл таңбалы ақындар. Құрастырған – Ж.Жылқышыұлы. Алматы, 2016.
Фотодерек: А.Тілегенов.