Шөлмек сынған
Өскінбай Арқа бетті аралаған бір сапарында Ұлы құмда отырған бір үйге келеді. Үйде – бойжеткен қыз шай құйып отыр екен де, төрде – ауыл үлкендері жайғасыпты. Сыртта қазан көтеріліп жатыр. Өскенбай сәлемдесіп, төменгі жаққа отыра кетеді.
Қонақ атын атағанда, шай құйып отырған қыз да елең етіп жалт қарағанда, қолындағы кесесі түсіп, сынып қалады.
Ертесіне өзіне берілген арнаулы қонақасыда Өскенбай сол оқиғаны суреттеп, «Шөлмек сынған» деген күй тартады.