Нар идірген
Қалнияз жырау жолаушылап жүріп, далада бір үйге тап болады. Түскен үйінің түйесі ботасын алмай тұр екен. Үй иелері бұның қоржынындағы домбырасын көріп, «Домбыраңызға қарағанда, жай адам болмассыз. Бұрынғы замандарда күйшілер домбырамен ботасы өлген нарды да иітті дегенді естіп едік. Біздің түйеміз тірі ғой. Мүмкін, байқап көрерсіз» деп өтініш жасайды.
Қалнияз: «Е, «иіт» десеңдер, иітейін», – деп осы күйді тартқанда, түйе ботасын алған екен дейді.