Maqamsaz

Мәскеу сапары

1936 жылғы Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысулары тиіс Батыс Қазақстан аймағының өкілдері Мәскеуге басқалардан кешірек жетіскен. Дер кезінде жетісе алмауы себепті, Онкүндік бағдарламасына енгізілмей, Сәттіғұл Жаңғабылұлы, Шамығұл Ыбырайымұлы, Рахила Ақжарова, т.б. арманда қайтқан!..

Бұл жағдайды Батыс Қазақстан обкомының бірінші хатшысы Е.Құрамысов Қазақ КСР Оқу-ағарту халық комиссары әрі үкімет жанындағы мәдениет, өнер ісі комитетінің төрағасы Т.Жүргеновтің өздеріне теріс көзқарасы тұрғысынан бағалап, Сәттіғұл ақынға ар­найы сөз шығартқан...